Назарбаев: Астана – бейбітшілік пен келісім қаласына айналды  

5 Апреля, 2018, 16:05 4646
Назарбаев: Астана – бейбітшілік пен келісім қаласына айналды    | #столица | BNews.kz

Елбасы елорда барлық қазақстандықтың мақтанышы екенін айтты. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен бас қаланы одан ары дамытуға арналған кеңес басталды, деп хабарлайды BNews.kz

"Біз Астананың 20 жылдығы қарсаңында бас қосып отырмыз. Елорда қысқа уақыт ішінде миллион тұрғыны бар мегаполиске айналды. Инфрақұрылымы жоғары қалада бүкіл әлемнің назарын аударатын дүниежүзі үшін маңызды шаралар өтуде", - деді Президент өзінің кіріспе сөзінде.

Нұрсұлтан Назарбаев Астана бейбітшілік пен келісім қаласына айналғанын атап өтті.

"Қала барлық отандастарымызды қуантып келеді деп ойлаймын. Америкалық танымал журналист Ларри Кингтің елордаға келген кезінде айтқан мына бір сөзі есіме түсіп отыр.  Ол "Тарихта мемлекеттер қалаларды жаулап алып жатса, ал Қазақстан қала салып жатыр" деген еді. Бұл сөздер көп нәрсені айқындап тұр. Біз қуанып, мақтанамыз –өйткені бұл осы қаланы өз қолымен көтерген, әрбір кірпішін қалаған қазақстандықтардың жемісі", - деп атап өтті Елбасы.

olshem.kz
Новости партнеров
Loading...

Похожие новости