"Астана – мәңгілік елдің темірқазығы" атты жас ақындар айтысы өтеді

24 Апреля, 2018, 15:39 3585
"Астана – мәңгілік елдің темірқазығы" атты жас ақындар айтысы өтеді | #столица | BNews.kz

Іс-шараның негізгі мақсаты - ұлы дала елінің ұлы өнері айтыс арқылы жастардың шығармашылық дамуына жағдай жасау болып табылады.

Астана қаласының әкімдігі елорданың 20-жылдық мерейтойына арналған "Астана – мәңгілік елдің темірқазығы!" атты жас ақындар арасында айтыс өткізеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, айтысқа еліміздің барлық облыстарынан ақындар өтініш білдірген. Арнайы комиссияның шешіміне сәйкес, іріктеу кезеңдерінен өткен 14 ақын сахнада сөз сайыстырып, бақ сынасатын болады.

Іс-шараның негізгі мақсаты - ұлы дала елінің ұлы өнері айтыс арқылы жастардың шығармашылық дамуына жағдай жасау; рухани-мәдени әлеуетін сақтау, арттыру; жастар мен өскелең ұрпақтың эстетикалық тәрбие жүйесін жетілдіру, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын, әлеуметтік жауапкершілігін, отансүйгіштік сезімін, адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерін одан әрі қарай дамыту. 

Сонымен қатар, Астана қаласы - Тәуелсіз Қазақ елінің рәмізі, Елбасы мен халқымыздың еңбегінің нәтижесі, әрбір қазақстандық азаматтың мақтанышы екенін, елордамыздың әлемдік аренада жеткен жетістіктері мен табысын жырға қосу. Қазақстанның үлкен жетістіктерінің бірі Сарыарқа төрінде әсем Астана тұрғызу жалпы елге тиеселі ортақ жеңісі,  бүгінде қасиетті мекенге айналған елорда ұлттың рухани жаңғыруының жүрегі екенін атап көрсету. 

olshem.kz
Новости партнеров
Loading...

Похожие новости