Мерекелік бағдарлама аясында аймақтарда Астана күні өтеді

5 Апреля, 2018, 16:59 4937
Мерекелік бағдарлама аясында аймақтарда Астана күні өтеді | #столица | BNews.kz

Алайда Президент аймақтарға қатты салмақ салмауды тапсырды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика аймақтарын Астананың 20 жылдығын атап өтуге бар жауапкершілікпен келуді тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Біз талқылап отырған басты мәселе – ол Астананың 20 жылдығы. Біз барлық мерекені жақсы көреміз... Барлық облыстар оған қатысқысы келетінін білемін... Алайда аймақтара қатты салмақ салудың қажеті жоқ, іске асырылған жобалар қала үшін пайдалы болуы тиіс. Бір сөзбен бұл іске дайындықпен келу керек", - деді Қазақстан Президенті.

Әсет Исекешев атап өткендей, мерекелік бағдарламаның басты бөлігі, Астана күнін аймақтарда өткізу болмақ. Ол мамыр айы мен қыркүйек айларының ішінде өткізіледі. Оның аясында елордалық инвестициялық жобалар таныстырылымы өтеді.

"Мәскеудегі ауыл шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде ҚР Елшілігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе Қазақстан павильонының ашылуы маңызды іс-шара болмақ. Әкімшілік архитектуралық көрме мен конференция, сондай-ақ этнографиялық экспозиция мен инвестициялық презентация әзірленіп жатыр. "Аймақтардың Астанаға сыйы" акциясы да маңызды шоғырға айналады", - деді Әсет Исекешев.  

Сондай-ақ, әкімшіліктер, жер телімдерін бөліп беру, жобалау мен құрылысқа лицензияны рәсімдеу, сондай-ақ жобаларды уақытында өткізу үшін аймақ әкімдіктеріне қажет жобалық құжаттарды беру мәселесін қарастырды. Қазіргі күні барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.

olshem.kz
Новости партнеров
Loading...

Похожие новости