Латын графикасына көшу дер кезінде қабылданған шешім – ғалым 

24 Сентября, 2018, 17:47 6436
Латын графикасына көшу дер кезінде қабылданған шешім – ғалым   | Взгляд в будущее | BNews.kz

Қарағанды облысында "Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде" атты республикалық семинар өтті.

Қарағанды, Саран қалаларында, Осакаров және Абай аудандарында республикалық семинар өтті. Шараны Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Дос Көшім, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының  атқарушы директоры Ербол Тілешов, "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" КЕАҚ бас директорының кеңесшісі Оразкүл Асанғазы, Терминология және ономастика бөлімінің аға ғылыми қызметкері Жапсарбай Қуанышев, Қарағанды облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Гүлнарайым Қантарбекова және жергілікті билік өкілдері, тіл жанашырлары, жастар мен ардагерлер қатысты.

Республикалық семинарда тіл жанашырлары қазақ тілінің мәртебесін көтерумен қатар, қолданыс аясын кеңейтудің жаңаша жолдарын жан-жақты зерделеді. Олар ұлттық код  тамыры терең тарихтан нәрі алу керектігін де тілге тиек етті.  Қарағанды,Саран қалаларында, Осакаров және Абай аудандарында  жиынға 730 ден астам адам жиналды.    "Ал ана тілі ұлттың тірегі, рухани мәдениетімізді дамытудың негізі", - деді  Шайсұлтан  Шаяхметов атындағы  "Тіл – Қазына" ұлттық ғылыми практикалығы бас  директорының  кеңесшісі Оразгүл  Асанғазы.  

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасында атап көрсетілген латын графикасына көшудің маңыздылығына баса тоқталды. Бір ғана мысал бүгінде әлемнің бәсекеге  қабілетті 30 елінің  22 мемлекеті латын тілін қолданысқа енгізген. Жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдарында әдебиетіміздің басым көпшілігі латын тілінде шығарылған. Әліпбиіміз жаңару арқылы шетелдердің мәдениетін кеңінен тануға, жас буындар білімін шыңдауға мүмкіндік молая түсетіні анық. 

"Латын графикасына көшу дұрыс, әрі дер кезінде қабылданған шешім.  Үлкен комиссия құрылды. Біздің осы жұмыстың қорытындылары, латын әліпбиіне көшудегі емле ережелерін министрлік пен орталық үкіметтің қарауына шығарады", – дейді саясаттану ғылымдарының докторы Жапсарбай Қуанышов.

Семинарда талқыланған тақырыптың өзекті тұстары жан-жақты сараланды.

"Бүгін ерекше күн болып тұр. Көрген-түйгендерімізді келешекте  студенттерге жеткіземіз деген ойдамын. Әсіресе Саран халқы мен жиналған қауым үшін аса маңызды", – дейді семинарға қатысушы Анар Баймолдина.

Сондай-ақ, ілкімді  шара Қарағанды, Саран қалаларында, Осакаров және Абай аудандарында өтті. Семинарға қатысушылар идеологиялық тұрғыдан ескірген  елді мекендер мен  көшелердің тарихи атауларын қайтару мәселесіне тоқталды. 

olshem.kz
Новости партнеров
Loading...

Похожие новости