Петропавлда өткен көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы дарынды жастарды анықтады

17 Сентября, 2018, 15:15 6686
Петропавлда өткен көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы дарынды жастарды анықтады | Взгляд в будущее | BNews.kz

Байқаудың мақсаты – тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру және талантты жастардың өнерге деген сүйіспеншілігін ояту.

Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті   Қазақстан Республикасы Қазақстан Халқы тілдері күніне орай  Абай атындағы дәстүрлі көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық  байқауын өткізді, деп хабарлдайды BNews.kz тілшісі.

Биылғы Қазақстан халқы тілдерінің Солтүстік Қазақстан облыстық  XX– фестивалінің салтанатты ашылуы да осы Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауымен тұспа-тұс келді.

Байқау арнайы кітап көрмесі мен Мағжан Жұмабаевтың театрландырған монологымен ашылды. Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы аясындағы іс-шараның қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған. Байқауда республиканың түкпір-түкпірінен келген Абай оқуларының он жеті үміткерлері 1 кезеңде прозалық шығармалардан үзінділер оқыса, екінші кезеңді түгелдей Мағжан Жұмабаевтың терең сезімді  жырларына арнады.     

Абай– қазақ халқының ұлы перзенті, ақындық дарын иесі.  Абайдың өнегелі өмірі әрбір қазақ  жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатты.

"Байқаудың Қызылжар өңірінде ұйымдастырылуы кездейсоқ емес, Қызылжар топырағында жайқала шыққан сөз өнерінің шеберлері, Қожаберген жырау, Сегіз сері, Шал ақын,  Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов туғанына биыл 125 жыл толған  қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев  ұлттың сөз найзасына айналғалы қашан.  Байқау мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге салынған дара жол, бастысы –т іл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру және талантты жастардың өнерге деген сүйіспеншілігін ояту. Абай мен Мағжан және басқа да қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын  өскелең ұрпаққа дәріптеудің бір бағыты. Қазақтың көркем әдебиеті мен  қазақтың тілі мен мәдениетіне деген ықыласты арттырудың бастауы", - деп ойын ортаға салды  Мемлекеттік сыйлықтың иегері жазушы, "Нұр Отан" партиясы "Мирас" клубының мүшесі Алдан Смайыл.

Әсіресе байқауға қатысушылардың сөз құдіретін терең түсініп, көркемсөз оқудың қыры мен сырын меңгергендері олардың дауыс ырғағы мен оқу мәнерінен  байқалды. Сөз құдіретін биік асқақтатқан жастарымыз көрермендерді тұңғиық жыр әлемінің сезіміне бөледі.

"Бүгінгі байқау жастарымыздың сөз өнерін терең түсінетіндігін көрсетті.  Олардың орындауында Абай мен Мағжанның, Оралхан Бөкей, Бейімбет Майлиннің, Зейін Шашкин, Сайын Мұратбеков, Шыңғыс Айтмато,в Кенже Борай мен Дулат Исабековтердің шығармалары көпшіліктің жүрегіне сыршыл сезім ұялатты. Кітапты жәй оқудан көрі көркем оқудың әсерлілігі ерекше. Жастардың әдеби шығармаға деген сүйіспеншілігі тыңдарманды тәнтті етті. Сондықтан да Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы жыл-сайын осындай биік деңгейде ұйымдастырылуы қуантады. Талантты жастардың көркемсөз арқылы шығарманың шыншылдығын көпке жеткізуі, әдеби көркем шығармалардың  кең насихаталуына, таралуына жол ашады", – деп ой түйіндеді  Абайтанушы "Абай" журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі ақын Мұратбек Оспанов.   

Байқауда шын талантын танытқан Шымкент қаласы Ордабасы ауданы Мағжан Жұмабаев орта мектебінің 11-сынып оқушысы Толғанай Батырхан, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің бірінші курс студенті Жұман Бектас ынталандыру сыйлығын қанжығасына байлады. Ал Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының әртісі Еркежан Төлекбек, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Теңдік орта мектебінің 11 сынып оқушысы Жанарбек Секел үшінші, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетнің студенті Құлпынай Өмірбекова екінші, Ақтөбе ауыл–шаруашылық колледжі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Алтын Кожанова бірінші, Шығыс Қазақстан облысы Ю. Гагарин атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сая Бекбосынова бас жүлдеге ие болды. Жеңімпаздар арнайы дипломдар, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында "Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні "сияқты" ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жорал­ғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс", деген сөзін байқауға қатысқан жастар айқын дәлелдегендей әсер қалдырды.

“Абай – ақылдың ақылы, Мағжан – ақынның ақыны”, – деп  Сәбит Мұқанов айтқандай, поэзия алыптарына арналған осы кештен көрермендер де үлкен рухани қуат алды.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13989

Похожие новости