Студенттердің "Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясындағы кітаптарға деген қызығушылығы жоғары

23 Мая, 2018, 13:34 4474
Студенттердің "Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясындағы кітаптарға деген қызығушылығы жоғары | Взгляд в будущее | BNews.kz

Бұл туралы Аматыдағы әл-Фараби атындағы кітапхананың директоры айтты, деп хабарлайды BNews.kz "Алматы ақшамы" газетіне сілтеме жасап.

Университтетердің міндеті студенттердің жан-жақты білімділігі мақсатында озық үлгідегі білімді жаңғыртып тарату болып табылады. XXI-ші ғасырдың әрбір студенті қазіргі заманғы білім және дағдылармен қамтамасыз етілуі тиіс. Студенттердің бойында олардың қызмет бойынша өрлеуіне көмек беретін тәжірибелік дағдыларды тәрбиелеу өте маңызды.

"Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасына Давостағы Дүниежүзілік экономика форумының негізін қалаушылардың бірі, төртінші өнеркәсіптік революциясының тұжырымдамасын жасап шығарушы Клаус Швабтың The Fourth Industrial Revolution кітабы енді. Бұл кітапта зерттеуші  революция жасанды интеллект, роботжасау, автономды көлік құралдары, 3D-басып шығару, интернет, нанотехнология мен ғылымының басқа да салаларындағы сәтті жобалар арқылы анықталатыны туралы айтқан.

Мұндай кітаптар сапа тұрғысынан болашақ мамандар әзірлеуде мүлдем жаңа дейгейді қамтамасыз етеді. Көптеген әлем тілдеріне аударылған дүниежүзілік әдебиеттің асыл мұрасы мемлекеттік тілге аударылды. Бұл кітапта өмірлік мақсаттарға қатысты жүйелі қадамдар мен басымдылықтар реті қарастырылған. Әр адамның мақсаты әртүрлі, алайда кітап өзін түсінуге және өмірлік қағидаларды қалыптастыруға көмектеседі. Ал кез-келген позитивті өзгерістер уақыттты, жұмыс пен табандылықты қажет етеді.

Өз мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыруды көздейтін адамдар үшін, бұл кітаптар жол картасы іспетті болып табылады.

"Университитке осы жобаның  алғашқы 17 кітабы түсті.  Алғашқы болып бұл кітаптарды республика ЖОО-ы кітапханалардағы біздің әріптестеріміз бен Туркиядан келген қонақтар алғашқы болып көрді. Басылым тек сапалы контентпен ғана емес, әдемі безендірумен де ерекшеленеді. Кітап авторлары ішінде Клаус Шваб, Грегори Мэнкью, Эллиот Аронсон және басқа да авторлар бар", - деді әл-Фараби атындағы кітапхананың диеректоры, п.ғ.к, ҚР кітапханалары Қауымдастығының мүшесі Қалима Түйенбаева.

Кітаптар Әл-Фараби атындағы кітапхананаың классикалық оқу залына қойылды. Олармен әрбір оқырман таныса алады. Кітаптарды кітапхана цифрландырды, енді оларды электрондық залдағы компьютерлерде және кітапхананың сайтында үлкенмәтінді форматта (http://elibrary.kaznu.kz/ru/node/1468). көруге болады. Сондай-ақ кітаптардың электрондық нұсқасы барлық факультет декандарына таратылды.

Бүгіннің өзінде  бұл кітаптардың аудармасы ҚазҰУ студенттері арасында үлкен сұранысқа ие, қазақ тілінде оқитын студенттердің үлес көрсеткіші 68% құрайды. Студенттер келіп түскен кітаптарды үлкен қызығушылықпен оқып, қызы талқылау үстінде. Сауалнама көрсеткендей, кітапхана пайдаланушыларының 61%-ы осы жоба туралы жақсы хабардар, 21% -ы аударлыған кітаптармен танысып оқығанын айтқан. Әл-Фараби атындағы кітапханада ұсынылған 17 кітап бұл ауқымды жобаның бір бөлігі ғана болып табылады. Жарқын болашақта мемлекеттік тілге аударылған құнды оқулықтар саны артып, кітапхана сөрелерінен орын алады.

olshem.kz
Новости партнеров
Loading...

Похожие новости