«Рухани жаңғыру»: Астананың 20 жылдығына ескерткіш қойылуы мүмкін

«Рухани жаңғыру»: Астананың 20 жылдығына ескерткіш қойылуы мүмкін

11 қыркүйек, 18:30 2003 Астана
«Рухани жаңғыру»: Астананың 20 жылдығына ескерткіш қойылуы мүмкін

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың механизмін нақты, әрі түсінікті етіп белгіледі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру міндеті қойылды. Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев өскелең ұрпақ бойында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы патриотизм рухының қалыптастыру мәселелерін әріптестерімен жиналыста талқылады, деп хабарлайды Bnews.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Басқосуда жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар түсіндірілді. Жергілікті басқару мамандары қоғамға болашаққа қалай қадам басуы керектігі, жауапкершілігі жоғары және мықты адамдардан ұлттың бірлігін берік ету әңгіме арқауына айналды.

Бұдан бөлек, елорданың 20 жылдығына дайындық жұмыстары да сараланды. Қатысушылар тарапынан көптеген ұсыныстар айтылды. Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов өз пікірін білдіріп, астананың 20 жылдығына ескерткіш орнатуды әкімдік қызметкерлеріне ұсынды. Оның ойынша, барлық қазақстандық бұл мерзімді есте сақтап қалу керек.

«Астананың 20 жылдығына барлығын «Ару Астана» ұранымен жасау керек. Биыл бізде маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Астанада көптеген шаралар өтті. Қалада елорданың 20 жылдығымен байланысты ескерткіш қою керек. Біздің қаламызды ондай ескерткіштер саусақпен санарлық. Анкарада Астана қаласының мәдениет күндері өткенде, онда әдемі қазақ қызының бейнесіндегі ескерткішорнатылды және ол тас мүсін әлі күнге тұр. Бұл – тарих. Сондай ескерткіш біздің астанамызға да қажет», - деді Талғат Теменов.

Басқосуда кез келген елдің болашағы оның тұрғындарына байланысты болатыны айтылды. Оны құруда адамдардың санасын өзгерту керек. Мемлекеттің бүгіні мен ертеңі әр қазақстандықтың тағдыры.

Бүгінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 4 қосымша бағдарламасы - «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани казына», «Ақпарат толқыны» бар. Әрқайсымыздың міндетіміз – қоғамдық сананы жаңғырту.

`

Серіктестер жаңалықтары