Online-конференция с Председателем комитета по миграции Минтруда РК Кабылсаятом Абишевым

29 Октября, 2009, 11:38 306
  • Видео

 

2009 жылдың  29 қазаны күні сағат 11.00-ден – 13.00-ге дейін «BNews.kz» ақпарат агенттігінде  Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  Көші-қон комитетінің төрағасы Қабылсаят Әбішевтің қатысуымен  Интернет- конференция өткізілді. Оn-Line конференцияның негізгі тақырыбы - Этникалық қазақтар және олардың  байырғы Отанына оралуы. Көшіп келген қандастарымыздың қазақстандық қоғамға бейімделуі мен кірігуі.  Олардың әлеуметтік мәселелерінің шешілуі мен құқықтық, рухани жағынан қолдау көрсетілуі қай деңгейде болмақ. Сондай-ақ,  Интернет-конференция барысында  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126  Қаулысымен қабылданған «2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын жүйелі іске асыру және көші-қон  ағынын реттеу жүйесін жетілдіруге мемлекеттік көші-қон саясатының әлеуметтік, құқықтық бағыттары туралы, көші-қон саласындағы қордаланған мәселелердің дұрыс шешілуі, тағы басқа да көптеген көпшілікті қызықтыратын сауалдарға  Қабылсаят  Әзімбайұлы жауап берді. Интернет конференцияны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында  оралмандардың Республикалық «Асар» қоғамдық бірлестігі өткізіп отыр. СТЕНОГРАММА Қазақстан Республикасы ЕХӘҚМ Көш-қон Комитетінің төрағасы Қабылсаят Әбішевпен өткізілетін Диалога Online» BNEWS Интернет - конференциясының стенограммасы Жүргізуші: Сәлематсыздар ма, құрметті, әріптестер, қадірлі қауым?!  Біз бүгін Bnews.kz бизнес порталы студиясындамыз. Қош келдіңіздер! Қазір бірер минөттен кейін  Диалог Онлайн  тәртібінде      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  Көш-қон Комитетінің төрағасы Қабылсаят Әбішевпен кезекті  Интернет-конференциямызды бастаймыз. Естеріңізге сала кетейік, бізге бөлінген алдағы екі сағат бойы Қабылсаят Әзімбайұлына оралмандар мәселесіне, көш-қонға қатысты, осы төңіректегі басқа да  көкейіңізде жүрген кез келген сауалдарды қоя аласыз. Оған BNews.kz порталында толыққанды жауап беруге бүгін Қабылсаят   мырза келісіп, келіп отыр. Сонымен Қабылсаят Әзімбайұлы біздің студиямызда. Құрметті конференцияға қатысушылар Сіздердің сауалдарыңызға онлайн тәртібінде  ол кісі жауап беруге дайын Көш-қон Комитетінің төрағасы Қ. Әбішевтің кіріспе сөзі: Осындай Интернет конференция ұйымдастырып, бізге шет елде жүрген, немесе өзіміздің аймақтардағы қандас бауырларымызбен ой бөлісуге, пікірлесуге, сұрақ-жауап алмасуға жағдай жасап отырғандарыңызға көптен-көп рахмет айтқым келеді. Жүргізуші: Құрметті Интернет пайдаланушылар біз BNews.kz порталы студиясында өмірдегі өзекті мәселелерге, қордаланған түйінді шешімдерге жауап бере алатын айтары бар адамдарды шақыруды дәстүрге айналдырғанбыз. Сондықтан бүгінгі көтеріліп отырған бауырластарымыздың тарихи Отанына оралуы, олардың әлеуметтік мәселелері мен басқа да толғақты жайлары туралы бірінші басшының аузынан толық ақпараттар алуға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен, осы уақытқа дейін порталға келіп түскен сұрақтарға назар аударайық. Сұрақ: -  Қытайдан, Өзбекстаннан, Монғолиядан немесе басқа да мемлекеттерден қандастарымызды тарихи Отанына көшіріп алу жұмыстары қалай жүргізілуде? Тоқсанбай Кенжебаев, Астана қаласының тұрғыны Жауап: - Бүгінгі күні Қазақстанға Монғолиядан – 21955 отбасы немесе 107 988 адам, Қытайдан – 23 133 отбасы немесе 77245 адам, Өзбекстаннан 17822 отбасы немесе 457241 адам қоныс аударды. Бұл Көш қон комитетіне тіркеліп, ресми түрде жайғасқан адамдар. Ал бізден тысқары, өз беттерімен, біздің көш қон комитетінің рұқсатын алмай ақ көшіп келген адамдарды есептесек, бұл сан бірнеше есе еселене түспек. Қандастарымызды көшіріп алу жұмыстары қаалай жүргізілуде? Біріншіден, шыны керек біз ол жақтан өз күшімізбен көшіріп алу саясатын жүзеге асырып отырған жоқпыз. Себебі, Қытаймен де, Өзбекстанмен де, Монғолиямен де мемлекетаралық келісім жоқ. Монғолиямен 1991 жылы бірақ рет болған. Сонда үкімет мың КамАЗ автомашинасымен барып, 13000 отбасын, 66000 адамды көшіріп алып келген болатын. Бүгінгі күні келем деушілерге бізде квотамыз ашық. Қазір Ақмола облысының Қызылжар ауылында 276 үй дайын, оның 174 бос тұр. Курчатов қаласында да екі жүз отбасына пәтер дайындадық. Оған жаңа жылдан бастап кіргіземіз бе деп отырмыз. Сондықтан көшіп келіп жатқан ағайындардың жағдайын жасау үшін барлық мемлекеттік органдар айналысып жатыр. Сұрақ: - Шеттен келген ағайындарды қоғамдық ортаға бейімдеу, олардың ел ішіне сіңісіп кетуіне жағдай жасау, мүмкіндіктер туғызу жайы қалай? Қажыбай Ерғалиев, Орал қаласы. Жауап: - Шеттен келген ағайындарды бейімдеу деген үлкен нәрсе. Әсіресе, психологиялық жағынан бейімдеу. Баяғыда бір жазушының кітабы бар еді. Сонда айтылатын оның қызмет істеуі, отбасы, тұрмыс-тіршілігі барлығы өзгеріп кетеді екен. Осыған байланысты қытайда арнайы ғылым бар. Сондағы зерттеулер бойынша үйдегі жиһаздарды, жатын орындарын ауыстырғанның өзінде адамдарда жағымжы немесе керісінші, жағымсыз жағдайлар пайда болатын көрінеді. Сондықтан шетелден көшіп келу оңай емес. Ол адамның дүние жинауы, ортаға бейімделуі белгілі бір көмекті, арнайы қамқорлықты қажет етеді. Осыған байланысты бізде қазір үш бейімдеу орталығыы жұмыс істеп тұр. Біріншісі, Шымкент қаласы жанындағы Ақсу кентінде, екіншісі Қарағанды қаласында, ал үшіншісі Ақтау қаласында. Жүз елу, екі жүз адамды қоғамға бейімдеп, кіріктіруге арналған қонақ үй түрінде барлық жағдайы жасалып,  жабдықталған орталықтар бар. Мұнда шеттен келген ағайындарға тіл үйретіледі, Қытайдан, Ауғаннан, Түркиядан келгендерге кириллица жазуы үйретіледі. Тігінші, компьютерші мамандықтарына оқытылып, алты ай тұрғызылып, қоғамға араластырамыз. Алты айдың ішінде олар азаматтықтарын алады. Тиісті көмектерін алады. Биыл бір миллиард теңгеге Ақтау қаласында бейімдеу, кіріктіру орталығы салынып жатыр. Оның ішінде дәрігерлік орындары, спорт залдары, басқа да бөлмелер бар. Егер экономикамыздың жағдайы бұдан да жақсарып, көтеріліп жатса, алдағы уақытта барлық облыстарда осындай орталықтар салу жоспарда қарастырылған. «Нұрлы көш» бағдарламасының да негізгі мақсаты оралмандарды қоғамға бейімдеудің жеңілдетілген жолдарын табу. Оралмандарды бір жерге біріктіріп, олардың бір бірімен араласуына, туысқан бауырларына жақын болуына  жағдай жасау екенін жеткізгім келеді. Сұрақ: -  «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша Ақмола облысының Қызылжар ауылында бірнеше үйлер салынуда. Оған оралмандар қалай қоныстанады? Ол үйлердің бағасы қандай? Нұрбай Елмұратов, Ақмола облысынан Жауап: - Қазір Ақмола облысының Қызылжар ауылында екі бөлмелі барлық жағдайы бар 75 шаршы метрден 276 пәтер салынып жатыр.  Үйлердің қазір жартысы бітті. Осы қараша айының ортасына қарай біз жартысын кіргізейік деп отырмыз. Ал жаңа жылға дейін түгел екі жүз жетпіс алты отбасының бәрін де кіргізіп бітеміз. Ал пәтерлердің бағасына келсек, үш жақты келісім негізінде атап айтқанда, Әлеуметтік корпорация, Құрылыс жинақтау банкісі және оралман өзара келісімшартқа отырады. Оның тәртібі мынандай: кірген адам үйдің құнын төлейді. Үйдің құны – 3172500 теңге. Бір шаршы метрі 42300 теңгеден. Үкіметтің қаулысы бойынша үйді алған адам пәтердің құнының бес пайызын өзінің шотына салуы керек. Неге, ертең біз кіргізгеннен кейін қазақы мінезбенен «тұрамын, тұрмаймын» деген әңгіме шығуы мүмкін. Сондықтан бір шартылық болуы қажет. Бес пайызы ол – 158000 теңге, яғни мың доллар. Содан кейін он бес жыл бойы сол үйді сатып алу екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші, бес жылда жаңағы тұратын адам өзінің шотына ай сайын жиырма екі мың теңге салып отырады. Бес жарым жылда жаңағы салынған ақша жиналып,  үш миллионның жартысын құрайды. Содан кейін банкіге келеді де айтады. «Міне мен үйімнің жарты құнын жинап алдым», дейді. Енді қалған бір жарым миллионына банк он жылға төрт пайыз мөлшерлемемен несие береді. Енді айына ол он бес мың алпыс тоғыз теңге банкке төлеп тұрады. Он бес мың теңге деген не ол? Қазір Астанада бір бөлме жалдасаңыз оған кем дегенде жиырма мың теңге төлейсіз. Ал мұнда коммуналдық төлемдер жоқ. Тек ыстық су мен жарыққа аздап қана төлейді. Дүниеде тегін нәрсе жоқ. Қазақ «тегіннің тұзы татымас» деп баяғыда айтып кеткен. Сондыктан 2007-2009 жылдары келген азаматтар осы бағдарламаға қатысуға болады. Он сотық жері бар. Және Ақмола облысының әкімі сол көшіп барған адамдарға келесі жылы екі гектардан  жер бермін деп отыр. Сұрақ: Туған Отанына оралған қандастарымызға мемлекет тарапынан қандай қажетті әлеуметтік көмектер көрсетіліп, басқа да қандай жағдайлар жасалуда? Айтқадыр Тілеуов, Жезқазған қаласы. Жауап: - Әлеуметтік көмек отбасының отағасына он бес еселенген айлық көрсеткіш есебінде – 19400 теңге, және отбасының әрбір мүшесіне он еселенген айлық көрсеткіш  - 12460 теңге, тұрғын үй сатып алуға қаражат оралман отбасының әрбір мүшесіне жүз еселенген айлық көрсеткіш – 129600 теңге, оралман отбасының жолақысын төлеу он еселенген есептік көрсеткіш – 15960 теңге, жеке мүлкін апаруға ақы төлеу оралман отбасының әр мүшесіне – 64800 теңге. Сонда бір отбасыға егер төрт адам, бес адамнан тұратын болса – 890000 ақша төлейміз. Бұл бір ақ рет жасалатын, қазақтың айтып жүрген квотасы осы. Сұрақ: - Жалған құжат жасайтындар, оралман атын жамылып, ақша ұрлайтындар бой көрсетіп қалып жатады. Оларды алдағы уақытта болдырмау үшін қандай шаралар қолданылуда? Айжан Нұрқатова, Ақтөбе облысы Жауап: - Бұл енді құқық қорғау органдарының жұмысы. Алайда жалған құжат жасайтын қылмыстық топтардыңң болғаны баспасөз беттерінде жазылды да . Бұл енді аян болып жатыр. Үкімет мұнымен айналысып жатыр. Ең сорақысы, бұрын сенімхатпен құжаттар толтырып, оралмандарға тиісті ақшаны есеп шоттарына аударып, немесе төлеп жіберетін болған. Сол ақшаны алып алғаннан кейін, жалған құжат жасаушы алаяқтар басқа жаққа немесе кейін кетіп қалған фактілері бар. Енді тек азаттық алғаннан кейін ғана ақша төлеу жөнінде жаңа заңға осылай енгіздік. Бұл мәселемен нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оралман студенттер мәселесіне келетін болсақ, біздің Қазақстанда шеттегі қазақтардың балаларын оқытуға мың жарым квота бөлінеді. Алайда біз үш жылдан бері біз осы мың жарым студентті жинай алмай жүрміз. Хат жазамыз, насихаттаймыз, үгітейміз. Бірақ нәтиже аздау болып тұр. Ал енді Қазақстан азаматтығын алуға студент, оқушы немесе тағы басқа деп бөлінбейді. Заң жалпыға бірдей. Ал жатақхана беру жағы ол оқу орындарының мүмкіндіктеріне байланысты. Оралман болмай да оқып жатқан шетел студенттері бар. Сұрақ: -  Қазір «Оралман» деген атау дұрыс емес. Қазақ – біреу, Қазақстан – біреу. Сондықтан оларды «отандастар» немесе «қандастар» деп атайық», деген пікірлер айтылуда. Сіз осыған не дейсіз? Бекділдә Қожахметов, Астана қаласы. Жауап: - Бұл мәселе көптен көтеріліп жүр. Әртүрлі пікірлер бар. Алайда, бізге белгілі бір заңдық мәртебе керек, құқылық термин керек. Мәселен, біз «оралман» деген атауы бар адамдарға жеңілдік беріп, әлеуметтік көмектер көрсете аламыз. Осындай атауы бар адамдар тегін азаматтық алады. Салық төлемейді. Кезінде осы сөзді тапқанда марқұм Жолдасбеков ағамыз қатты қуанып еді «жақсы сөз таптым» деп. Енді келіп бұл сөз кейбіреулерге ұнамай жүр. Бұл мәселені Парламент шешуі керек. Біз әзірге заң жобасына «оралман» деген сөзбен кіргіздік. Сұрақ: -  Аты-жөнін жазу мәселесіне байланысты да қиындықтар көп. Мәселен, Монғолиядан тек «Ұлар» немесе «Нысан» деген есіммен ғана төлқұжат алғандар бар. Енді осыны «Садырұлы Ұлар» немесе «Нысанұлы Әлім» деп өзгерткісі келсе, әділет орындары өзгертпейді. Осы мәселені шешуге бола ма? Жауап: - Аты-жөні жөнінде Әділет министрлігіне ұсыныс жасадық. Әкесінің тегін жазып беру жөнінде бұл мәселе толық шешімін табады деп ойлаймын. Менің айтайын дегенім, жаңа осыған ұқсас бір сұрақ болды. «Әкесінде азаматтық бар, ал баласы басқа елде алған туу туралы куәлікпен олимпиадаға, немесе басқа да конкурстарға қатыса алмайды», деген. Бұл дұрыс емес. Әкесі азаматтық алып, Қазақстан азаматы болғаннан кейін, баласы да автоматты түрде елдің азаматы болып табылады. Ол үшін туу туралы куәлікті өзгертірудің еш қисыны жоқ, және ол заңға қайшы. Басқа елде берілген туу туралы куәлікті, дипломды, неке куәлігін немесе осы сияқты құжаттарды келесі ел өзгерттіп бермейді. Ал балаңыздың азаматтығын нақтылау үшін оған да паспорт жаздырып алыңыз. Сіздің балаңыз екенін куәландыратын және Қазақстан азаматы екенін нақтылайтын паспорт беріледі. Ал басқа елден тек бір атпен мәселен, «Гүлжан, Абай, Ақан» деп келгендерге қазір ешқандай шектеу жоқ. Олардың СТН, зейнет келісімі, ӘЖК барлығы да беріледі. Бұл жөнінде зейнетақы төлеу, басқа да құзырлы органдар бізге оң мәліметтер беріп отыр. Сұрақ: Шетелден келген азаматтарға құжат толтырарда бір жеңілдіктер жасайтын тетіктер қарастырылмай ма? Жауап: - Ол былай, ондай желдіктер бар. Оралмандар қандай құжат толтырсын, ешқандай салық алынбайды. Бірақ тіркеуден өткен кезде, азаматтыққа қағаздарын толтырған кезде қатаң тексеріледі. Жаңа айттым ғой, жалған құжат жасаушылармен күресуге шамамыз жетпей жатыр. Сондықтан оралманның кез келген құжатының ксерокөшірмесі алынады. Онда да мен арнайы бұйрық бердім паспорттың тек бірінші бетін көшіріп, түсіру жөнінде. Онысыз болмайды, мен сіздерге айтайын, сол қандастарымыздың құжаттарын тексеруді біз қайта қатайта түзуміз қажет. Сонда ғана біз жоғарыда айтылған келеңсіздіктердің жолын кесуге мүмкіндік аламыз. Сұрақ: - Шетелден келген қазақтардың мүдделерін көздейміз, оларға қол ұштарын береміз деп құрылып жатқан бірлестік, ұйымдар көп. Шамамен жалпы саны отызға жетіп жығылады. Осыған не дейсіз? Жауап: - Бізде өзі қазақ деген халық ұйым құрғыш, мекеме құрғыш. Қазір бізде он қазаққа бір ұйым бар десем, қателесе қоймаспын. Енді ол олардың құқы. Демократия болғасын оған шек қоя алмайсың. Барлығы да үкіметтік емес, ұйымдар. Осы оралмандарға байланысты бізде қазір қырыққа тарта бірлестік, ұйым бар. Кейбіреулері тіпті, үлкен папкаларын қолтықтап келіп: «мен оралмандар жағдайымен айналысып жүрмін. Егер маған көмектеспесең «өйтем, бүйтем» деп маған дөңайбат көрсетіп кететіндері бар. Бірақ, солардың ішінде мына Қайрат Бодауханның «Асар» бірлестігі, осы сияқты оралмандардың құжаттарын аударып беріп, олардың қоғамға бейімделуіне қолұшын созып жүрген тағы бір, екі бірлестік бар облыстарда бізге көмектесіп жүрген. Ал қалғандары тек әкімге кіріп жер алу, ол жерді сатып ақша жасау, сондай мәселелер ойларында. Рас, олар әділет органдарында тіркеліп, заңды құжат алғанан кейін біз оларға бірдеме деп айта алмаймыз. Үкімет қоғадық бірлестіктердің жұмысына араласа алмайды. Олармен жұмыс істеу, істемеуді адамдар өздері таңдау керек. Сонда керек емес ұйымдар өзінен өзі шығып қалады. Сұрақ: -  Мен Қытайдан көшіп келгелі 2 жыл болды, содан бері Алматы облысы Панфилов ауданында  тұрып жатырмын. Былтырғы 1 жыл тұрақты тіркелу үшін кетті, түрлі себептер айтады. Содан биылғы жыл азаматтық алудың қиыншылығында жүрмін. Биыл сәуір айының 21-күні азаматтыққа құжаттар тапсырғамын, содан осы күнге дейін 4 рет жоқ сылтаумен жолданбапты, жақында барып Панфилов ауданы ІІБ көші қон бөлімшесінің қызметкері Арзигүл деген қызбен ұрсысып қалдым. Сөйтсем, ол қыздың ұлты ұйғыр екен. Мен секілді қазақтарға қырын қарап, сандалтып қояды. Ал қытайдан келген ұйғырлар тез орналасып жатқандығын көзімізбен көріп таң қалдық. Осындай көш қон бөлімшелерінде ұлтжанды қазақ азаматы жұмыс істесе деген тілегім бар. Жауап: - Мен бұл мәселелер жөнінде қазір кешенді жұмыстар жүргізіп жатырмын. Оралмандарды тіркеуге алуды жеңілдету бойынша арнайы бұйрық бердім. Сол бойынша ағайын-туыстары жоқ адамдарды арнайы уақытша тіркейтін орындарымыз бар. Сонда барынша тез жұмыстар жүргізіледі. Ал бұл кісінің құжаттарын неге бір жылға созғаны маған түсініксіз. Біздің облыстық басқарманың бастығына  бару керек еді. Ол себептерді біз алдағы уақытта анықтайтын боламыз. Дегенмен, нақтылы құжаттары болса, бір жылға созуы тіпті де мүмкін емес. Ал, жаңағы айтқан ұйғыр ұлтына байланысты да мен Панфилов аудандық көш қон полициясына хат жазып анықтаймын. Ол да маған түсініксіз. Негізі, бізде заң бойынша оралмандардан басқалары Қазақстанға келіп тіркелуі үшін кем дегенде есеп шоттарында (он есептік көрсеткіш) он мың доллар ақшалары болулары керек. Өйткені ол қазақ емес, ал қазақ тегін. Сондықтан бұл мәселені алдағы кезде нақтылайтын боламыз. Фоторепортаж

Читайте также

Рекомендуем
Чем опасна покупка лекарств без рецептов, рассказала столичный врач 519

Похожие новости